Ауа райы

СҚО-ның 3 ауданында жолдар жабылды

 

Қоян жылы ат құлағы көрінбейтін боранмен басталды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты Солтүстік Қазақстан облысының 3 бірдей ауданында жолдар жабылды. Кеше Айыртау және Жамбыл аудандарында көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді. Ал бүгін тізімге Ақжар қосылды. Аталған аудандардағы жолдар ауа райы оң қабақ танытып, қардан тазартылған соң ашылмақ.