Ауа райы

СҚО-да таңертең қар аралас жаңбыр жауды

 

Қыстың ортасында қар аралас жаңбыр жауды. Таңертең болған табиғи құбылыстан кейін әрі түннен жалғасқан желден жердегі қар қатайып, көктайғаққа айналды. Мұндай күн райының қашанға дейін жалғасатыны белгісіз. Анығы, оған Мәскеу жақтан келген циклон әсер етті дейді Қазгидромет мамандары. Синоптиктердің болжауынша, алдағы күндері тағы да қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін, көктайғақ болып, боран соғуы ықтимал. Ауа температурасы түнде және күндіз минус 2-7 градус шамасында болып, кейін төмендеуі мүмкін.