Құқық қорғау органдары

Өңірде жаяу жүргіншілерге арналған проекциялық екі өткел іске қосылды


 

Өңірде жаяу жүргіншілерге арналған проекциялық екі өткел іске қосылды. Олар Бескөл ауылы мен Пестрое көлі маңында орнатылды. Бұл жерлер бекерден-бекер таңдалмаған. Аталған аумақтарда адамдар көп жүреді.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, сары және ақ жарық жолақтар тымық түнде ғана емес, кез келген ауа райында анық көрінеді.

Арман Сыздықов, СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының инспекторы
 – Жаяу жүргіншілерге арналған проекциялық өткел көптеген артықшылыққа ие. Мысалы, ол жаяу жүргіншіні жарықтандырады және тәуліктің қараңғы уақытында айқын көрсетеді. 0.01-0.09 Түрлі ауа райы жағдайында, жолда қар, мұз, батпақтар болған кезде жақсы көрінеді. 

Бұдан бөлек, қозғалысы реттелмейтін екі жаяу жүргіншілер өткелі реттелетін режимге көшірілді. Олар: «GREEN PARK» демалыс орны мен ипподром маңы. Бұл учасклерге арнайы батырмасы бар бағдаршам қойылды. Жалпы, ағымдағы жылдың 11 айында облыс жолдарында жаяу жүргіншілердің қатысуымен 88 жол-көлік оқиғасы орын алған. Соққының салдарынан 7 адам көз жұмып, 94 жан түрлі дене жарақатын алған.

 

REL POST ID: