Қоғам

Тұрғындардың базынасы тыңдалды

 

Әдетте, облыстық кітапханаға кіре бергенде іші жым-жырт болып тұратын. Алайда, бүгін тұрғындардың көптігі таң қалдырады. Азаматтардың барлығы «Ашық есік күніне» келген. Оларды мазалаған сұрақтарға қала әкімі Руслан Аңбаев пен мемлекеттік орган басшылары жауап берді. «Чернобыль одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ахатжан Арықов 7 ардагердің баспана мәселесі шешілсе екен дейді. Қазір олардың барлығы жалдамалы пәтерде тұрады екен.

 

АХАТЖАН АРЫҚОВ, «Чернобыль одағы» ҚБ төрағасы:
–  Олар денсаулықтарын берді. Екеуінің көзі көрмейді. Айына 70-80 мыңнан пәтерге төлеп отырады. 10-12 жыл бойы кезекте тұр7 7 адам деген 70 адам емес қой.

РУСЛАН АҢБАЕВ, Петропавл қаласының әкімі:
– Құрылысы аяқталған үй бар. Енді абаттандыру мен желі тарту жұмыстары қалды. 2023-жылдың жазында пайдалануға береміз. Мәселені біржақты етуге тырысамыз.

Байқағанымыздай, базынасын айтуға келгендердің көпшілігін тұрғын үй мәселесі алаңдатады. Петропавлдық Ботагөз Қазбекованың анасы – 2-ші топтағы мүгедек. 73 жастағы қарияның пәтер кезегінде тұрғанына 12 жыл болған. Өзі келе алмағандықтан, қызын жіберіпті. Оның үстіне, алатын зейнетақысы да аз екен. Нәзікжандының проблемасын шешудің күтуден басқа жолы жоқ сыңайлы.

РУСЛАН АҢБАЕВ, Петропавл қаласының әкімі
–  6 домов сейчас строятся. Но к сожалению, до такой очереди мы не дойдем. Но, очередность мы снизим. В дальнейшем, когда по данной категории мы будем строить дома, в любом случае к 2023 году очередь подвинится.

“Легенда” бау-бақша қоғамдастығының 5 жыл бойы шешілмей келе жатқан проблемасы бар. Бүгінде 3 саяжай ағынды суларға толған. Қыста ол қатып, мұздың биіктігі 1 метрге жақындайды екен. Көктем келе салысымен еріп, қолайсыздық тудырады. Қоғамдастық мүшелері судың қай жақтан келіп жатқанын біле алмай дал болып жүр.

ЕВГЕНИЙ БОРОДИН, “Легенда” бау-бақша қоғамдастығының мүшесі:
– Жағдай, әсіресе, қыз мезгілінде ушығады. Осы күнге дейін судың қай жақтан ағып жатқанын білуге тырыстық. Бірақ, еш нәтиже жоқ. Бүгін дүйсенбі күні комиссия құрылып, қоғамдастыққа келетіндерін айтты. Тексеріс жұмыстары жүргізілмек.

Тағы бір жауыр болған мәселе – маршруттардың аздығы. Нақтырақ айтсақ, қаланың шеткі аудандарында тұратындар көтерме сауда орталығына жете алмайды. Клиенттердің жоқтығынан сатушыларға пайда түспейді. Салдарынан сауда нүктелері жабылуда.

ИННА ШЕВЕРГА, көтерме сауда орталығының өкілі:
–  Бізде 4 пен 23-ші бағыттағы қоғамдық көліктер жүреді. Бескөлдіктер мүлдем сауда орталығына келе алмайды. Өйткені, Интернационал көшесінен отыру үшін 2 шақырым жер жүру керек. Әрине, ауыр дорбаларымен ешкім сабылып жүргізі келмейтіні анық. Тіпті, жастардың өздері бұған шаршайды.

АРМАН БАКСИМОВ, қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы:
–  Келесі жылы маршруттардың санын көбейтуді жоспарлап отырмыз. Комиссияда осы мәселесі толығырақ қарастыратын боламыз. Бізге өтініш жазыңыз.

Жалпы, Ашық есік күніндегі қабылдауға 50-ден астам тұрғын жазылған.