Білім

НЗМ-да ашық есік күні өтті

Петропавлдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 6-шы сынып оқушылары мен олардың ата-аналарына арналып ашық есік күні өтті. Зияткерлік мектептің атмосферасын сезіну үшін арнайы бағдарлама ұйымдастырылған. Мектеп мұғалімдері келушілерді өздерінің жұмыс барысымен таныстырып өтті. Ұл-қыздарды көбінесе химия мен физика кабинеттерінде жүргізілген тәжірибелер таң қалдырған сыңайлы. Ашық есік күні екі күн бойы өтеді. Бүгінгі шараға 40-тан астам оқушы қатысты.

Салтанат Ахметова:

– Мен анаммен бірге Назарбаев Зияткерлік мектебіне келдім. Маған бұл мектеп ұнайды. Осы мектепке түскім келеді.

 

Гульден Симбаева

 

REL POST ID: