Құқық қорғау органдары

Жыл басынан бері полицейлер заңсыз айналымнан 113 қару тәркіледі

Тимирязев ауданының тұрғыны тегіс ұңғылы аңшылық мылтықты қорада сақтаған. Ал Тайынша ауданының тұрғыны қос оқпанды қаруды үйдің кіреберісінде жасырған. Сол елді мекеннің тағы бір азаматының гаражынан тәртіп сақшылары 12 калибрлі 9 патрон тапты. Қызылжар мен Шал ақын аудандарыны тұрғындарының да тіркелмеген мылтықты үйлерінде тығып ұстағандары анықталды. Аталған барлық фактілерге қатысты әкімшілік материал жиналып, сотқа жіберілді. Жалпы, жыл басынан полицейлер заңсыз айналымнан 113 қару тәркіледі.

 

Алдияр Айтпаев