Қазақстанда коронавирустың жоғары жұқпалы “Цербер” штамы анықталды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, қарашада қазанмен салыстырғанда сырқаттанушылық 1,6 есеге өскен. Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетованың айтуынша, COVID-19-ға тестілеу саны азайды, себебі адамдар індетті жеңіл көтере бастады, көбі медициналық көмекке жүгінбейді екен. Соңғы айда еліміздің 3 өңірінде, яғни Алматы, Астана және Қарағанды облыстарында аурушаңдықтың апта сайын 2,2 есеге дейін өсуі байқалады. Оған қоса, 5 өңірде соңғы аптадан бастап сырқаттанушылық аптасына 3,5 есеге дейін біртіндеп өсіп барады. Өңірлерге 12 жастан асқандарды вакцинациялау және ревакцинациялау үшін Pfizer вакцинасының 200 мың дозасы жеткізілді.
Самал Жунусова