Жұқтырылған иммундық тапшылық синдромы – ең қауіпті инфекцияның бірі. Әлі күнге дейін емі табылмаған ғасыр дерті кез келген жанға жұғып, өміріне қауіп төндіруі мүмкін.Солтүстік Қазақстан облысында СПИД-ке шалдығу деңгейі биыл төмендеген. Мұны арнайы орталықтың бөлім меңгерушісінен естідік.
НАТАЛЬЯ ГОРДЫМОВА, облыстық ЖИТС профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың бөлім меңгерушісі:
– Облыста СПИД бойынша жағдай тұрақты. Биыл 30 адамнан табылды, індетке шалдығу жағдайы былтырғыға қарағанда 23 пайызға азайды. Негізгі таралу жолы – жыныстық байланыс. Кездейсоқ жыныстық қатынастан аулақ болу қажет. Жеке гигиеналық жабдықтарды қолдану керек. Сұлулық салондарына барған кезде құрал-жабдықтардың стерильді екеніне көз жеткізу керек.
Петропавлда желтоқсанның 1-і – Дүниежүзіліз СПИД-пен күрес күніне орай акция ұйымдастырылды. Індеттің алдын алуға бағытталған іс-шарада ЖИТС жайлы, оның қауіптілігі туралы кеңінен айтылды.
АҚЕРКЕ ӘБИЕВА, студент
Акцияның атауы – “Время для равенства”. Атауы айтып тұрғандай, іс-шарада СПИД-ке шалдыққан адамдарды кемсітпеу, оларға мейірімділікпен қарау жайлы да тілге тиек етілді. Бөлісе кетейік, өңірде ЖИТС жұқтырудың алғашқы дерегі 1989 жылы тіркелген.
Самал Жунусова