Спорт

«Qulager» ХК өз айдынында жеңіліп қалды

 

Төреші ысқырық шалды. «Qulager» мен «Aktobe» арасындағы матч басталып кетті. Ойынның басталғаны сол-ақ еді, көзді ашып-жұмғанша 18 секундта қарсылас ұжым петропавлдықтардың қақпасына шайба салды. Батысқазақстандық құраманың тыңғылықты дайындықпен келгендері көрініп-ақ тұр. 1-ші период соңында екі жақ 0 де 1 есебімен тарасты.

Жергілікті жанкүйерлер «Qulager» командасына демеу беруде. Спорт сарайына жиналған көпшілік спортшыларға жылдамдық қажет деген ойларын білдірді.

Блиц
– Құлагерліктерге ұйымшылдық қажет деп ойлаймын. Мына жерде командалық ойын көріп тұрған жоқпыз.
–  Біз құлагерліктерге жанкүйер болып келіп отырмыз. Әр ойыншыға қолдау қажет. Жеңіске жетулеріне тілектеспін.

Ойын жалғасуда. Матч тартысты өтіп жатыр. Келесі кезекте жергілікті спортшылар ақтөбелік құраманың қақпасына шайба соғып, есепті теңестірді. Шайба авторы – Кирилл Старцев. Құлагерліктердің қатарындағы ойыншы Виталий Шульга бұл жарыста жеңіске жетуге тырысамыз дейді.

Виталий Шульга, «Qulager» ХК ойыншысы:
– Қарсылас командамен бірінші рет ойнап тұрған жоқпыз. Олар – мықты құрама. Бізге шапшаңдық жетіспейді. Бар күшімізді салып ойнап жатырмыз. Жеңіске жетуге тырысамыз.

«Qulager» жеңіске жетуге қанша тырысқанымен әрекеттерінен түк шықпады. Соңғы периодта жергілікті құрама ақтөбеліктерден 1:2 есебімен ұтылып қалды.


Гульден Симбаева