Құқық қорғау органдары

«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы

 

Жыл басынан бері Петропавлда отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 20 қылмыс тіркелді. Осы уақыт аралығында 1200-ден астам жанжалқой әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Қылмыстар негізінен алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде жасалыпты. Құқық бұзушыларға қатысты 1000 қорғау ұйғарымы және тәртіптеріне қатысты 210 ерекше талап қойылды. Отбасыдағы жанжалдардың алдын алып, тыныштықты сақтау мақсатында ел аумағында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өтуде. Оған солтүстікқазақстандық полицейлер де ат салысып жатыр.

ӘСЕМ ІЛИЯСОВА, қалалық ПБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы:
–  Осы іс-шара аясында қалалық полиция қызметкерлері «Ақ лента» акциясын өткізіп жатыр. Ақ лента – әйелдерге қатысты күш көрсетудің барлық түрлеріне қарсылық білдірудің, қоғамда ананың, отбасының ролін нығайтудың белгісі. Лентаны таққан адам тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілеріне жол бермеуге және олардың алдын алуға міндеттеледі.

«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясына жергілікті полиция қызметінің барлық бөлімшелері қатысуда. Мамандар адамдар көп шоғырланатын орындарға барып, тұрғындармен тілдеседі, үй-үйді аралайды.


Алтынай Казиканова