Қоғам

Сайлау қорытындысы

Облыс орталығында «AMANAT» филиалының жанындағы «MIRAS» қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Алдымен жиналғандар кезектен тыс Президент сайлауының қорытындысын талқылады.

ЕРЛАН ТОҚШЫЛЫҚ, «MIRAS» қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары:
– Орталық сайлау комиссиясының деректеріне сәйкес Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаушылар дауысының 81,3 пайызын жинады. Біздің облыс бойынша халықтық коалициядан ұсынылған кандидат үшін сайлаушылардың 80,5 пайызы дауыс берді.

Қоғамдық кеңес мүшесі, «Партиялық емес бақылау орталығы» республикалық қоғам бірлестігі облыстық филиалының басшысы Жанат Мұхамеджанов сайлау науқаны демократиялық нормаларға сай өткенін атап өтті.

ЖАНАТ МҰХАМЕДЖАНОВ, «MIRAS» қоғамдық кеңесінің мүшесі:
–  Партиялық емес бақылау орталығынан бөлек облыс бойынша партиядан да бақылаушылар болды. «AMANAT» партиясынан – 1165, «За альтернативные выборы» деген қоғамдық бірлестіктен 20 бақылаушы болды. Яғни, сайлау үрдісін партиялардан бөлек тәуелсіз, қоғамдық бірлестіктер де бақылап жатқаны қуантады. Себебі, бұл демократияға қадам басқанымыздың көрінісі деп ойлаймын. Оған қоса шетелдік ТМД елдерінен және Еуропалық қауымдастық ұйымдарынан 18 бақылаушы болды.

Гүлбақша Мұсабаева 20 жылдан астам уақыт бойы қоғамдық іспен айналысады. Науқан күні нәзікжанды сайлау учаскелерінің бірінде бақылаушы болып, дауыс берудің ашықтығын қадағалады. “MIRAS” қоғамдық кеңесінің мүшесі өткен сайлау науқанының ерекшеліктеріне тоқталды.

ГҮЛБАҚША МҰСАБАЕВА, «MIRAS» қоғамдық кеңесінің мүшесі:
– Биыл мен ерекше сездім әркім өзінің кандидатын таңдады. Тағы бір ерекшелік, егер адам қарсы болса бәріне қарсы деген ойды білдіретін мүмкіндік болды. Осы сайлауды сипаттасақ, расында да демократиялық принциптердің арқасында адамдар кандидат ретінде де, дауыс беруші ретінде де заң орындалды.

Заң ғылымдарының кандидаты халықтың жағдайын қамтитын заңдар қабылданып, құқықтық механизмдер дамитынына сенімдімін дейді. Жаплы, сайлауда 8 млн-нан астам қазақстандық өз таңдауын жасады.


Самал Жунусова