Құқық қорғау органдары

Облыс полицейлері есірткі сайттарының 179 сілтемесін бұғаттады

 

Биылдыққа өңір полицейлері есірткі сайттарының 180-ге жуық сілтемесін бұғаттады. Оның 30-ын жерлестеріміз жіберіпті. Айта өтсек, тәртіп сақшылары зиянды заттарды саудалайтын ресурстарды анықтау үшін интернет-кеңестікке мониторинг жүргізіп отырады. Табылған сілтемелер ҚР ІІМ-ге жіберіледі. Қоғам дертін тежеу мақсатында мамандар жастарға аса көңіл бөледі. Мәселен, қаңтар айынан бері қыз-жігіттермен 500-ден астам түрлі кездесулер өткізілген. Осы жылы облыста есірткі сатты деген күдікпен 35 адам ұсталды. Оның біреуі жарнамалау фактісі бойынша. Заңсыз айналымнан 400 келіден астам түрлі есірткі алынды, 2 келіден астамы – синтетикалық есірткі.


Алтынай Казиканова