Қоғам

Аязды күндері оқушылар қашықтықтан оқуға көшеді

 

Бүгін таңертең шаһарда сынап бағанасы -25 градусты көрсетті. Желдің жылдамдығы секундына 4 метр болды. Бұл 4-ші сыныпқа дейінгі оқушылар үшін қолайсыз ауа райы. Сол себепті, қаламыздағы кей мектептердің ұл-қыздары қашықтықтан оқу форматына көшті. Бұл туралы қалалық әкімдік өкілдері хабарлады. Мамандар ауа райына қатысты қашықтықтан оқыту форматына көшу туралы шешімді әр мектеп басшылығы жеке өзі қабылдайтынын атап өтті.

ӘЛИЯ ШАТПАЕВА, қалалық білім бөлімінің бас маманы:
–  -25 градус аяз болғанда білім беру ұйымдарында 4-сыныпқа дейін, -27 градус болғанда 9-шы сыныпқа дейін, ал сынап бағанасы -30-ды көрсеткен жағдайда 11-ші сыныптар да қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылады.


Самал Жунусова