Құқық қорғау органдары

Қызға ұнау үшін полицейдің киімін киіп алған

23 жастағы петропавлдық қызбен кездесуге полиция формасын киіп бармақ болған. Осылайша, бойжеткеннің көңілінен шығып, жағымды әсер қалдырғысы келген көрінеді. Алайда, жігіттің ойлағаны іске аспады. Көзбояушылыққа

23 жастағы петропавлдық қызбен кездесуге полиция формасын киіп бармақ болған. Осылайша, бойжеткеннің көңілінен шығып, жағымды әсер қалдырғысы келген көрінеді. Алайда, жігіттің ойлағаны іске аспады. Көзбояушылыққа барған тұрғынды нағыз тәртіп сақшылары байқап қалып, тексерген. Оның ішкі істер органдарына түк қатысы жоғы белгілі болды. Өзі жүк тиеуші болып жұмыс істейді екен. Қызметтік форманы интернет-дүкеннен сатып алған. Енді заңға қайшы әрекеті үшін 5 АЕК көлемінде немесе 15 мың теңге айыппұл төлеуі тиіс.


Алтынай Казиканова