Спорт

Алтынбек Аусағитов «Азия Кубогы» халықаралық турнирінің чемпионы атанды

Алтыннан алқа тағынды. Жерлесіміз Алтынбек Аусағитов Қажымұқан Мұңайтпасовты еске алуға арналған «Азия Кубогы» халықаралық турнирінің чемпионы атанды. Дүбірлі дода Түркістан қаласында ұйымдастырылған. Қазақ күресінен қарсылас шақ келтірмей, үздік атанған Алтынбек 90 келі салмақ дәрежесінде белдесті. «Олимпик арена» спорт кешенінде өтіп жатқан турнирге Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қытайдан келген 235 спортшы қатысуда. 22 қарашада басталған халықаралық дода бүгін өз мәресіне жетеді.


Алтынай Казиканова