МТРА жаңалықтары

Жолда жүру ережелерін жаяу жүргіншілер жиі бұзады

Полицейлер “Қауіпсіз жол” шарасын өткізіп, бір күнде 500-ге тарта ереже бұзу фактісін тіркеді. Соның ішінде маневрді дұрыс жасамаған жағдайлар аз емес. Мамандардың айтуынша, маневрді дұрыс жасамаудың салдарынан

Полицейлер “Қауіпсіз жол” шарасын өткізіп, бір күнде 500-ге тарта ереже бұзу фактісін тіркеді. Соның ішінде маневрді дұрыс жасамаған жағдайлар аз емес. Мамандардың айтуынша, маневрді дұрыс жасамаудың салдарынан биыл 31 жол-көлік оқиғасы болған. Қауіпсіздік белдігін тақпайтындар, рөлде отырып телефонмен сөйлесетіндер, көлікті құжатсыз басқаратындар да көп.
Техникалық байқаудан өтпеген көлік құралын жүргізудің 24 фактісі анықталды. Полиция департаментіндегі ЖПҚБ бастығы Айдын Байматовтың айтуынша, жолда жүру ережелерін жаяу жүргіншілер жиі бұзады. Бір күнде көшені рұқсат етілмеген жерден кесіп өту, бағдаршамның тыйым салынған түсуіне өту сияқты 60-тан астам жайт тіркелді. Биыл жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін бұзуы 24 жол-көлік оқиғасының туындауына себеп болған. Салдарынан 2 адам қаза тауып, 23 адам жарақат алды.


Алтынай Казиканова