Құқық қорғау органдары

Жалға алған гаражда заңсыз спирт пен темекі сақталған

 

740 литр спирт, 50 литр коньяк пен акциздік маркасы жоқ 22 жарым мыңға жуық темекі. Петропавлда гараж кооперативтерінің бірінен ірі көлемдегі контрафактілік өнімдер жасырылған қойма анықталды.

Сұйықтықтың бәрі 160-қа жуық бес литрлік ыдысқа құйылып қойған. Гараждың иесі жалға алушының нысанды қандай мақсатта пайдаланып жатқанынан бейхабар болған. Жалпы, полицейлер жыл басынан бері өңірде 7 мың 900 литр контрафактілік алкоголь тәркілеп алды.

Руслан Назаров – СҚО ПД бастығының орынбасары

– Облыс орталығының аумағында орналасқан гараж кооперативтерінің бірінде расталған жедел ақпаратты тексеру кезінде алкоголь мен темекі өнімдері табылып, тәркіленді. Алынған контрафактілік өнімнің құны шамамен 13 млн теңгеден астам. Иесі анықталып, материал тергеу бағыты бойынша Экономикалық тергеу департаментіне тапсырылды.


Данаш Хамзина