Білім

Қазақстанда мектеп формасын сатып алуға арналған ваучерлер пайда болады

 

Қазақстанда мектеп формаларын сатып алуға арналған ваучерлер пайда болады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады. “Әлеуметтік әмиян” электрондық платформасының көмегімен ата-аналар форманы белгілі бір дүкеннен жеңілдікпен сатып ала алады. Бұл отандық кәсіпкерліктің дамуына да ықпал етпек, өйткені, тауарды сататын орындар жеңілдікті шарттармен ұсынылатын болады. Сонымен қатар, жоба бюджет қаражатын жұмсаудың ашықтығын қамтамасыз етпек.


Самал Жунусова