Қоғам

СҚО-да 640 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр

Бүгін облыста барлығы 640 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр.
Облыстық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында 386 672 солтүстікқазақстандық дауыс беруге құқылы. Облыс орталығының өзінде 94 учаске құрылған. Қалада дауыс беруге 161 117 адам құқылы. Оның 245-і алғаш рет таңдау жасайды. Таңғы сағат 7.00.-де ашылған учаскелер кешкі 8.00.-ге дейін жұмыс істейді.


Данаш Хамзина