ТЖ

Петропавлда кәсіпорыннан өрт шықты

 

 

Облыс орталығында тағы бір өрт оқиғасы тіркелді. Қызыл жалын “Изолит” серіктестігінде бас көтерді. Кәсіпорынның техникалық шахтасында электр оқшаулау бұйымдарын лактаушы жабдық тұтанған. От шарпыған аумақ 144 шаршы метрді құрады. Өрт сөндірушілер оқиға орнынан 4 адамды эвакуациялаған. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Қазір тілсіз жаудың шығу себебі мен келген материалдық шығын анықталып жатыр.


Дана Ешкенова