Денсаулық сақтау

Өткен тәулікте тәж вирусын 83 адам жұқтырды

 

 

Елдегі коронавирусқа қатысты жағдайға тоқталып өтейік. Өткен тәулікте тәж вирусын 80-нен астам адам жұқтырды. Пневмония белгілерімен 6 адам анықталған. Бүгінгі таңда 790 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Оның 100-і стационарларда, ал 700-ге жуығы амбулаториялық деңгейде ем алуда. Естеріңізге сала кетейік, екі күн бұрын 72 қазақстандықтың бойынан коронавирус анықталған. Өңірімізге келетін болсақ, соңғы аптада 5 адамның бойынан тәж вирусы табылды.


Гульден Симбаева