Қоғам

Діттеген жерге қиындықсыз жетіп, дауыс беріңіз!

 

 

Діттеген жерге қиындықсыз жетіп, дауыс беріңіз! Кезектен тыс Президент сайлауы күні, яғни қарашаның 20-шы жұлдызында облыс орталығында қоғамдық көлік тегін болады. Сондай-ақ, Петропавлда 2 инва және 6 әлеуметтік такси жұмыс істемек. Олар таңдау жасауға ниет білдірген мүгедектігі бар адамдарды учаскеге тегін апарып, үйлеріне жеткізеді. Ал учаскелерде тиісті жағдай жасалған. Өңірдегі әр нысанның алдында арнайы батырма бар. Пандустар да қарастырылыпты.


Гульден Симбаева