Мәдениет

Теңгенің тарихы

Теңгенің тарихы тереңде жатыр. Сонау 15-ші ғасырға сапар жасайық. Кезінде Отырар қаласында күміс монеталармен сауда жасалыпты. Ол «таньга» деп аталған екен. Осыдан теңге атауы пайда болады.

ЕРКЕБҰЛАН АХМЕТЖАНҰЛЫ, облыстық тарихи-өлкетану музейінің экскурсия жүргізушісі
– 1993 жылы ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығы бойынша ҚР-да теңге айналымға енгізілді. 15 қараша күні теледидар арқылы Нұрсұлтан Әбішұлы таңғы сағат 8:00-де Ұлттық валютаның елімізде айналымға енгізілетінін хабарлады. 1993 жылы ең алғашқы банкноттарда қазақтың атақты тұлғалары Абылай хан, Әбілмансұр, Әбілқайыр бейнеленді.

Атақты тұлғалар бейнеленген банкноттар облыстық тарихи-өлкетану музейінде бірнеше жылдан бері сақтаулы тұр. Көзге оттай басылады. Өкініштісі, кезінде аға-апаларымыз қолданған купюраларды қолға ұстап, қазіргі қағаз ақшалармен айырмашылықты сезіне алмаймыз. Музейде 1994 жылы шығарылған жез шақалар да тұр. Олар банкноттардың орнын басты.

АЙСҰЛУ СӘРСЕНОВА, облыстық тарихи-өлкетану музейінің маманы
–  Бұл – нейзильбер монеталары. Олар Қазақстанның атақты тұлғалары, ғарыш, Қызыл кітап пен қазақ халқының салт-дәстүрлері сияқты тарихи бөлімдерге арналған. Ал күміс монеталар маңызды тарихи оқиғаларға арналған.

Енді 21-ші ғасырда басылған банкноттарға тоқталайық. Әрине, олардың дизайнын салыстыруға келмейді.

ЕРКЕБҰЛАН АХМЕТЖАНҰЛЫ, облыстық тарихи-өлкетану музейінің экскурсия жүргізушісі
–  «2011 жылы Қазақстан аумағында Азия ойындарының құрметіне арналған 2000 теңгелік купюра және 2010 жылғы 1000 теңгелік купюра басылды. Бұлар қазіргі таңда айналымнан шығарылған».

Бұл номиналдардың дизайны мемлекет басшысының жеке тапсырмасы бойынша сонау Англия елінде бекітіліпті. Теріскейлік тұрғындар теңгенің тарихын қаншалықты біледі? Ұлттық валюта жайлы ойларын білдік.

Блицы


Гульден Симбаева