Қылмыс

СҚО-да 3 күнде 11 қару тәркіленді

Қызылжар ауданының тұрғыны қаруды үйінің кіреберісінде сақтаған.
Полиция қызметкерлері келесі азаматтың баспанасын тексере келе тағы осындай жағдайға тап болады. Біреуінің үйінде кәмелетке толмаған балалары болған. Қос мылтық тәркіленіп алынып, сараптамаға жіберілді. Иелері жауапқа тартылды. Тәртіп сақшылары өңірде «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп, үш күннің ішінде заңсыз сақталған 11 қару тәркілеп алды. Оның 10-ы – тегіс ұңғылы мылтық.


Самал Жунусова