Әр түрлі

Петропавлдық зейнеткер 1 миллион теңге ұтып алды

Игі іс жасап, 1 миллион теңге ұтып ал. Jusan Bank қыркүйек айынан бастап күн сайын клиенттеріне қаржылай сыйақы үлестіруде.

Тапсырмаларды бұлжытпай орындап, 1 миллион теңге ұтып алғандардың тізіміне жуырда жерлесіміз Ғабдулғазиз Исқалиев те қосылды. 68 жастағы зейнеткер қыркүйек айында теледидардан Jusan Bank-те ерекше науқан басталатынын көріп қалып, бірден қатысуға бел буған. Ол үшін аталған банктің картасын ашып, ұялы телефонына қосымшасын жүктеп алған. Қосымша арқылы клиенттерге күн сайын тапсырмалар келіп отырған. Мысалы, досыңа кофе алып беру, ұялы байланыс ақысын төлеу немесе таксиге тапсырыс беру сынды тапсырмаларды орындау қажет. Ойынның шарты бойынша төлемдер мың теңгеден кем болмауы тиіс.

 Ғабдулғазиз Исқалиев, банк клиенті
– Банктен күнделікті түрде тапсырмалар келіп отырды. Сол тапсырмалады мен бұлжытпай орындап отырдым. Тапсырмалар әр түрлі болды. Бастысы, төлемдер мың теңгеден кем болмауы тиіс. Мен дүкеннен азық-түлік алып отырдым. Туысқандарымның нөміріне мың теңге салып отырдым. Кітап сатып ал, гүл сыйла деген тапсырмалар болды. Барлығы – 33 тапсырма орындадым.

30-дан астам тапсырманы сәтті орындаған зейнеткерге өткен аптаның соңында “Сіз Jusan Bank-тен 1 млн теңге ұтып алдыңыз” деген хабарлама келген. Ғабдулғазиз Исқалиев бұған бірден сене қоймадым дейді. Сондықтан, қомақты ұтыс жайында әлі ешкімге тіс жармапты.

 Ғабдулғазиз Исқалиев, банк клиенті
 – Басында “Сіз жеңімпаз атандыңыз” дегенде сеніңкіремедім. Кейін тағы хабаласып, сіз Jusan Bank-тен 1 млн теңге ұттыңыз дегенде бірақ сендім.

Ғабдулғазиз Исқалиев жеңіп алған қомақты қаражатты баласына бермек ойда. Сәттілікті серік еткен зейнеткер енді алдағы уақытта ойнатылатын супер жүлдені жеңіп алуға ниетті. Ол – 30 млн теңгенің автокөлігі. Айта кетейік, қыркүйек айынан бері 20-дан астам тапсырманы орындаған клиент автоматты түрде көптің арманына айналған көлікті ұтып алу мүмкіндігіне ие болды.

 Салтанат Кажекова, “Jusan Bank” АҚ СҚОФ бөлшек бизнес жөніндегі директоры:
– Қыркүйектің 5-інен қашаның 6-сына дейін біздің банкте “Игі іс жасап, 1 миллион теңге ұтып ал” науқаны өтті. Осы аралықта әр апта сайын 7 миллион теңге ойнатылады. Яғни, бір аптада 7 клиентіміз бірден миллионер атанды. Ақшадан бөлек түрлі сыйлықтар да ойнатылды. Осы акцияның аясында клиенттеріміз үшін супер жүлде дайындадық. Ол – Tesla Model Y автокөлігі. Ұтыс қарашаның 18-і күні ойнатылады.

Айта кетейік, Jusan Bank ұйымдастырып отырған “Игі іс жасап, 1 миллион теңге ұтып ал” науқанына 5 мыңнан астам солтүстікқазақстандық қатысуда.