Аптадағы маңызды жаңалықтар

Өңірге сауда және интеграция бірінші вице-министрі келді

 

Өңірге ҚР сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шаққалиев келді. Солтүстік Қазақстан облысына жасаған іссапарын Үкімет мүшесі Петропавлдағы өндіріс орындарын аралаудан бастады. Бірінші болып “Радуга” серіктестігінің қоймасымен танысты. Көлемі 7 мың шаршы метр болатын жерде өндіріс орнынан шыққан өнімдер үлкен көлемде сақталады.

ДМИТРИЙ ШАРАПАЕВ, “Радуга” ЖШС бас директоры:
– Қойма заманауи деңгейде жабдықталған. Едені мен төбесі тиісті талапқа сай. Жүк артатын арнайы көліктер де бар. Нысанды өзімізге ыңғайлы етіп салдық.

Аталған кәсіпорында көкөніс сақтау қоймасы да бар. Сыйымдылығы – 2 мың шаршы метр. Қазіргі таңда нысанның 90%-ы толық. Жалпы, “Радуга” серіктестігі өнімдерін еліміздің барлық дерлік аймақтарына жібереді. Тек батыспен ғана байланыс орнатылмапты.

АРМАН ШАҚҚАЛИЕВ, ҚР сауда және интеграция бірінші вице-министрі:
–  Батыс Қазақстанда көкөніс сақтау қоймасына қатысты тапшылық байқалады. Ол жақпен байланыс орнатуға ниет танытсаңыздар, мемлекет тиісті көмек береді. Мүмкіндіктеріңіз болса, бұл жұмысты тезірек бастау керек.

Кейіннен Арман Шаққалиев “Солтүстік фанер комбинатына” ат басын бұрды. Қазіргі таңда кәсіпорын ламинатталған және жиһазға арналған материал өндіруді мықтап қолға алған.

ЛЮФТ
АЙВАЗ БАКИРОВ, «Солтүстік фанер комбинаты» ЖШС директорының орынбасары:
38/05 Вся фанера у нас из берёзы. Часть берёзы с нашиз рубок СКО.

Кәсіпорынның жылдық қуаттылығы арттыруда. Жыл басында 18 мың текше метр өнім өндіру жоспарланса, қазір көзделген меже 30 мыңды құрайды.

АЙВАЗ БАКИРОВ, «Солтүстік фанер комбинаты» ЖШС директорының орынбасары:
–  Өніміміз сұранысқа ие. Өзін жақсы қырынан көрсетуде. Қазіргі таңда Германияға тауардың алғашқы легін жібердік. Ешқандай шағым келіп түскен жоқ.

Сауда және интеграция бірінші вице-министрі бас сұққан кезекті нысан – “Рим-КазАгро” серіктестігінің қағаз шығару фабрикасы. Желі целлюлоза мен макулатураны пайдаланады. Кәсіпорын арзан да, қымбат та өнім өндіруге қауқарлы. Қазіргі таңда өндіріс ошағынан сүлгілер, гигиеналық және А4 форматындағы қағаздар шығарылады.

ЛЮФТ:
– Своим производствам вы внутренний рынок закрываете?
– Конечно. Проблема с сырьем у нас тоже нет.
– Надо продвигать этот продукт.

Қазіргі таңда “Масло-Дел Петропавл” серіктестігі де ісін өрге домалатуда. Кәсіпорын ауқымын кеңейтіп жатыр. Жақында жаңа желі іске қосылып, өндіріс ошағының қуаттылығы артпақ.

ҚАНАТ НҰРПЕЙІСОВ, “Масло-Дел Петропавл” ЖШС директоры:
–  Қуаттылық 50%-ға артпақ. Қазіргі таңда біз тәулігіне 500 тонна сүт өнімдерін өндірудеміз. Жаңа цехті іске қосқан кезде 750 тонна тауар шығаруды жоспарлап отырмыз.

Серіктестік өнімі өңірімізбен қатар Оңтүстік пен Батыс Қазақстанда да сұранысқа ие. Күніне өндіріс ошағының аумағынан 10-12 вагон сүт өнімі әкетіледі екен. Соңғы болып Арман Шаққалиев «Петропавл электротехникалық зауытында» болды. Кәсіпорын биыл 4 мың трансформатор шығаруды көздеп отыр. Тауардың 90%-ы ТМД елдеріне экспортталмақ. Жалпы, арнайы ұйымдастырылған тур соңында сауда және интеграция бірінші вице-министрі өңірдегі өндіріс орындарының жұмысына жоғары бағасын берді.

АРМАН ШАҚҚАЛИЕВ, ҚР сауда және интеграция бірінші вице-министрі:
– Шаруашылықта да, өнеркәсіп саласында да мемлекеттің қолдауымен бастамалар мен жобалар іске асырылуда. Нәтижесінде жаңа жұмыстары пайда болуда. Бұл өте маңызды. Жоғары баға беремін. Кәсіпорындар жұмыс істеуде.

Өз сөзінде Арман Шаққалиев мемлекеттен тиісті көмек міндетті түрде көрсетіліп, кәсіпорындар қолдаусыз қалмайтынын айтты.


Алдияр Айтпаев