МТРА жаңалықтары

Жүргізуші, абайла! Жолда – елік

 

 

 

 


Жүргізуші абайла, жолда – аю, жай айда. Бұл бірнеше күн бұрын Шығыс Қазақстан облысында Катон-Қарағайда орын алған жайт. Алып жануар жол ортасымен емін-еркін серуендеп жүр. Көлік тізгіндеген жандар болса сирек көріністі видеоға түсіріп мәз. Бірақ, мұндай жағдайлар адамға да, орманды мекендеген тіршілік иелеріне де қауіп төндіреді. Мәселен, Петропавл-Булаев трассасындағы оқиға. Жолдың ортасына шығып кеткен тұяқтыларды машина қағып кеткен. Салдарынан темір тұлпардың алдыңғы жағына зақым келген. Абырой болғанда адамдар дін аман. Жалпы, жыл басынан бері өңірде мұндай бірнеше факті тіркеліпті.

БАЯН БАЙҒАСКИНА, СҚО ПД ЖПҚБ аға инспекторы:
–  10 ай ішінде облыс аумағында жануарлардың қатысуымен 10-нан астам жол көлік оқиғасы тіркелді. Зардап шеккендер жоқ, тек көліктер механикалық зақымданған. Осыған байланысты жүргізушілерге айтарымыз: көлік жүргізу барысында жылдамдықты сақтап, әсіресе, түнгі уақытта орманды және ауыл маңынан өткен кезде сақ болған жөн. Арнайы белгілерге де назар аударып, ережені сақтау қажет.

АЛДИЯР АЙТПАЕВ, тілші:
–  Жануарлардың қатысуымен тағы бір жол-көлік оқиғасы Астана-Петропавл бағытындағы тас жолда орын алды. Кешкі сағат 10-дар шамасында Тайынша ауданындағы Келлеровка ауылы маңында «Mercedes-Benz» маркалы көлікті тізгіндеген азамат жол ортасына шығып қалған елікті қағып кеткен. Бұл оқиғадан жолаушылар зардап шекпеді. Бірақ, тұяқты оқиға орнында мерт болды.

Орман шаруашылығы инспекциясы мамандарының сөзінше, мұндай жағдайлар көбіне түнгі уақытта орын алады. Тас қараңғыда жануарлар жарыққа қарай жүгіретін сыңайлы.

ОЛЕГ БЕСПАЛОВ, СҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы:
– 10 Жабайы жануарларды ешкім қадағалап, жүріс-тұрысына тосқауыл бола алмайды. Тіршілік иелері кез келген жерде мекен етеді. Олар көшіп-қонуға бейім. Елік пен өзге де жануарлардың трассаларға шығып жатқандығына ауа райы не болмаса басқа да жағдайлар әсер етіп жатқан жоқ.

Тіршілік иелерін аш деуге де негіз жоқ. Себебі, айналада азық жетерлік. Осы ретте еліктерге бөлек тоқталып өтсек. Жануарлардың бұл түрі қалың қардың астынан да өзіне қажетті қоректі алуға бейім. Өңірде мекен еткен тұяқтылардың саны қазіргі таңда 10 мыңнан асып отыр.


Алдияр Айтпаев