МТРА жаңалықтары

Солтүстікқазақстандықтар көбіне жеке сектордағы үйді таңдайтын болған

https://youtu.be/0K-eHFVRgvc
Қазақстандықтардың үй сатып алу бойынша белсенділігі төмендеген. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, қазан айында 34,3 мың сатып алу-сату мәмілесі жасалды. Көрсеткіш алдыңғы айға қарағанда 3,8%-ға, өткен жылмен салыстырғанда 22,8%-ға аз. Тіркелген мәмілелер саны бойынша әдеттегідей Алматы қаласы көш басында тұр. Одан кейінгі кезекте – Астана. 2022 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелерінің саны 980 бірлікке азайды. Пәтерлер жеке сектордағы баспаналарға қарағанда көбірек сатылуда. Қазанда барлығы – 26,4 мың мәміле жасалды. Қыркүйекпен салыстырғанда жеке үйлер бойынша шарттар саны Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облыстарында да көбейген.


Алтынай Казиканова