МТРА жаңалықтары

НЗМ-де алғаш рет хакатон ұйымдастырылды

Петропавлдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқушылар арасында алғаш рет хакатон ұйымдастырылды. Іс-шара 160 баланың басын біріктірді. 32 команданың әрқайсысы 5 адамнан құралған. Қатысушылар IT саласына қатысты белгілі бір презентацияны 24 сағаттың ішінде әзірлеп,
қазылар алқасына таныстырулары керек. Арасында балалар спорттық ойындардан сынға түсті. Шара соңында үздіктер марапаттарға ие болды.

ДАНИЯР УӘЛИЕВ, Химия-биология бағытындағы НЗМ директоры
– Енді бұндай шараны жыл сайын ұйымдастырып отырамыз. Сайыс оқушылардың да көңілінен шыққан сыңайлы. Басты мақсат – оқушылардың тәжірибесін дамыту.


Гульден Симбаева