МТРА жаңалықтары

Қазақстанда заңсыз балық аулағандардың жазасы күшейтілмек

 

 

 

 

Биыл заңсыз балық аулаған браконьерлер 61 млн теңгеден асатын айыппұл төлейді. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевтің мәліметінше, жыл басынан бері 4,5 мың құқық бұзушылық анықталыпты. Бұған дейін браконьерлер 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейтін. Енді бұл сома 2 жарым есеге ұлғаяды. Ал тәртіпті 2-рет бұзғандар 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынады. Браконьерлермен күрес жүргізіп жүрген инспекторларға да жағдай жасау керек, дейді ведомство басшысы.


Самал Жунусова