МТРА жаңалықтары

Ғазиз Байтасовқа арналған мемориалдық тақта ашылды

https://youtu.be/JmNBImI1n1A

Петропавл қаласының полиция басқармасында қауіпті қылмыскерді ұстау кезінде ерлікпен қаза тапқан Ғазиз Байтасовқа арналған мемориалдық тақта ашылды. Оқиға 2011 жылы Таразда орын алған. Сол кезде лаңкес аса ауыр қылмыс жасап, жеті адамның өмірін қиды. Оның бесеуі – құқық қорғау органдарының қызметкерлері. Қаскөй қол гранатасын жармақ болған кезде Ғазиз Байтасов халықты қауіптен аман алып қалу үшін қылмыскерді жерге құлатып, гранатаны өз денесімен жауып қалады. Ерлікпен қаза тапқан тәртіп сақшысына «Халық Қаһарманы» атағы берілді.

БАҒБАН ТАЙЫМБЕТОВ – СҚО прокуроры
– Ғазиз тура өздеріңіз сияқты жігіт еді. Тұрғындардың өміріне қауіп төнгенде өз басын қатерге тігіп, ерлікпен көз жұмды. Ол Қабанбай, Бөгенбай, Баян батырлардың ізін жалғап, біздің заманымыздың қаһарманы атанды.

Ескерткіш тақтаның ашылу рәсіміне полицейлер, ведомство ардагерлері, облыстық және қалалық мемлекеттік органдардың басшылары, қала әкімі қатысты.


РУСЛАН АҢБАЕВ, Петропавл қаласының әкімі:
-Я хочу пожелать вам всегда оставаться в строю, возвращаться домой живыми, здоровыми.

Облыстық полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов Ғазиз Байтасовтың ерлігі көпке үлгі екенін атап өтті. Жиналғандар қаһарманды бір минут үнсіздікпен еске алып, ескерткіш тақтаға гүл шоқтарын қойды.


Алтынай Казиканова