МТРА жаңалықтары

Биыл СҚО-ға 3 жарым мыңнан астам адам көшіп келді

LS-тің мәліметінше, биыл Солтүстік Қазақстан облысына өзге өңірлерден 3550 адам көшіп келді. Керісінше, 2 мыңнан астам теріскейлік Ақмола облысына қоныс аударған. 2022 жылдың қаңтар-қыркүйегіне арналған ақпаратты
Ұлттық статистика бюросы жариялады. Жалпы, 263 мыңнан астам тұрғын еліміздің бір аймағынан басқасына көшіп кеткен. Басым көпшілігі, яғни 56,1 мың адам Алматыны таңдапты. Ал Астана 55,8 мың азаматты қабылдады. Оның 10 мыңнан астамы Ақмола облысынан көшіп барған. Қоныс аударушыларды Алматы облысы да құшақ жая қарсы алды. 30,4 мың адам тұрып жатқан мекенін ауыстырған. Сонымен қатар, Шымкентке басқа аймақтардан 23 мыңнан астам тұрғын көшіп барған.


Алтынай Казиканова