МТРА жаңалықтары

СҚО полицейлері браконьерлікке қатысты 8 қылмысты ашты

 

Облыста “Браконьер” жедел-алдын алу шарасы барысында 250-ге жуық азамат жауапқа тартылды. Оның барлығы аң аулау ережелерін бұзған. Мамандар барлығы – 8 қылмыстың бетін ашты. Тәртіп сақшылары “Artemia salina” шаянын заңсыз аулаудың 3 фактісін, елік пен бұлан атуға қатысты 5 жағдай тіркеген. Көп жағдайда аңшылар масаң күйде болған.
Қылмыстық кодекске сәйкес заңсыз аң аулаған адамға ірі көлемде айыппұл салынуы мүмкін немесе 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.


Самал Жунусова