МТРА жаңалықтары

Петропавлда жұмыссыз жүрген 2 600-ден астам адам тіркелген

 

САМАЛ ЖҮНІСОВА, тілші:
– Қазір жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп мемлекеттік қызметтің 19 түрін көрсетеді. Жыл басынан бері 13 мыңға жуық қызмет көрсетіліпті. Оның 8 мыңға жуығы, яғни 61 пайызы «Электрондық үкімет» порталы арқылы ұсынылды.

Электронды түрде алынған қызмет саны кәдімгі қағаз жүзіндегісіне қарағанда анағұрлым басым. Биыл бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 2850-ге көбейген. Бүкіл электронды қызметтердің 3,5 мыңнан астамы Азаматтарға арналған үкімет арқылы, 2 мыңға жуығы әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы рәсімделген. Мамандардың айтуынша қарт адамдардың көбі әлі де бұрынғы дәстүрлі әдісті пайдаланады екен.

БЛИЦ
– Мен зейнеткермін. Мемлекеттік қызметті қалай электронды түрде алатынын білмеймін. Дегенмен, оны үйден шықпай-ақ рәсімдеген ыңғайлы деп ойлаймын.
–  Электрондық цифрлық қолтаңбаны қолданамын. Өте ыңғайлы,
бірақ ол алаяқтардың қолына түссе опық жеп қалуға болады. Сондықтан, оны дұрыс қолдана білу керек.
–  «Электронды үкімет» арқылы биыл қызмет алдым.
Ыңғайлы, барлығы тез жасалады.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде көрсетілетін 19 қызмет түрінің екеуі тек қағаз жүзінде ғана көрсетіледі.

ДАНИЯР АСЫЛБЕКОВ, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы:
– Олар: Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, саяси қуғын-сүргін құрбандары немесе зардап шегуден ақталған азаматтарға куәлік беру. Осы қызметтерді көрсету нәтижесі куәліктер беру болып табылуына байланысты осы мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа ауыстыру мүмкін емес, бұл куәлікті алу кезінде өтініш берушінің қатысуын талап етеді.

Мамандардың айтуынша, “Электрондық үкімет” порталы биыл 2750 адам жұмыс тапқан. Тағы 2 600-ден астамы әлі жұмыс тапқан жоқ.
Атаулы әлеуметтік көмек алуға 2 мыңнан астам азамат жүгінген.

ДАНИЯР АСЫЛБЕКОВ, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы:
– 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар шеңберінде әлеуметтік қызметтер порталы енгізілгенін және бүгінгі күні белсенді жұмыс істеп тұрғанын атап өткім келеді.

Бұл портал арқылы кембағал жандар техникалық құралдар мен арнаулы әлеуметтік қызметке тапсырыс бере алады.


Самал Жунусова