МТРА жаңалықтары

СҚО ПД музейіне – 33 жыл

Полиция – мол жауапкершілікті талап ететін сала. Мамандар өзгенің өмірін өзінікінен бірінші орынға қойып, бастарын қатерге тігеді. Жан аямай еңбек етіп, ерлікпен көзге түскен теріскейліктер жетерлік. Солардың бірі – Алексей Щербаков. Ол 90-шы жылы Жұмысшы кентінде кезекті шақыртуға барып ауыр жарақат салдарынан қайтыс болған. Бүгін батыр азаматтың ерлігі полиция музейінің қабырғасында еске алынды. Одан бөлек жиында жас полицейлерге былтыр өмірін қауіпке тіге отырып, өзенге батып бара жатқан екі адамды құтқарған Мейірман Төлебаевтің ерлігі үлгі етілді.

ЛЮФТ:

– Не ожидал, что мне дадут медаль, награду, да и что сам выживу там… Но выжил. Дали медаль. – А вы после этого, сами как себя чуствовали? Если, как раз, бронхит был? – Нормально.

Мұнің барлығы музейдің 33 жылдығына арналған шара барысында айтылды. Мұнда жас офицерлер мен сержанттарға қызметтік куәліктер берілді. Салтанатты жиынға ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты. Бейсенбай Кемікпаев еңбек жолындағы қызықты сәттерімен, жетістіктерімен бөлісті.

Бейсенбай Кемікпаев – ішкі істер органдарының ардагері:
–  Бүгінде жас жігіттер істеп жатыр. Өте ризамын, бүгінгі батырымыз ештеңе қарамай судан құтқарыпты.

33 жыл ішінде солтүстікқазақстандық полиция музейінде 50 мыңнан астам адамға 3 мыңға жуық экскурсия өткізілген.


Самал Жунусова