МТРА жаңалықтары

Тәртіпсіз 4 бала арнайы білім беру ұйымына жіберілді

 

Үйден кетіп қалу, сабаққа бармау, ұстазбен сөзге келу, ұрлық жасау және дене жарақаттарын салу. Петропавл полицейлері осындай фактілерге қатысы бар 4 жасөспірімді арнайы оқу орындарына жіберген. Девиантты мінез-құлықты баланың бірі 15 жаста. Ол ювеналдық полиция мен педагогтардың назарында біраздан болған. Қоса кетейік, 10 айда жергілікті құқық қорғаушылар 150-ге тарта рейдтік іс-шара өткізіпті. Нәтижесінде түнгі уақытта ересектерсіз қыдырудың 620 жайты тіркелген. Мамандардың бастамасымен кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия 18 материал қараған.


Байболат Култанов