МТРА жаңалықтары

10 айда 30 адам сотталған

 

Енді бір емес, бірнеше жылын темір тордың ар жағында өткізеді. Петропавлда есірткі қылмысын жасаған 2 қала тұрғыны сотталды. 24 жастағы тасымалдаушылардың біреуінің үйінен «тұз» атауымен белгілі 17 түйіншек синтетикалық өнім тәркіленген. Сот жақында шешім шығарды. Үкімде 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілгені жазылған. Ал 2,5 ай бойы заңның ала жібін аттап келген екіншісінен бақандай 174 түйіншек алыныпты. Ол да “әріптесінікі” сияқты мерзімге қамалды. Жалпы, соңғы 10 айдың ішінде есірткі қылмысын жасаған 30 адам сотталған. 20-сының жасы 25-ке толмайды. Заңсыз айналымнан алынған зиянды заттың көлемі 411 келіні құрайды. Оның 2 кг 200 грамы – синтетикалық есірткі.


Байболат Култанов