Коронавирус қайта өрши бастады. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елімізде бір тәулікте індет жұқтырған 47 адам тіркелді.
Бүгінгі таңда 700-ге жуық қазақстандық тәж вирусымен күресуде. 82 науқас стационарларда ем қабылдауда. Дәрігерлер 2 адамның жағдайын өте ауыр деп бағалап отыр. Ал 1 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Өкінішке қарай, кеше елімізде коронавирустан 1 адам қайтыс болды.
Дана Ешкенова