МТРА жаңалықтары

Қоғамдық қабылдау

 

3-ші топтағы мүгедек Александра Липаева облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың қабылдауына келіп отыр. 25 жастағы петропавлдық тұрақты жұмыс сұрайды. Бұған дейін нәзікжанды жұмыспен қамту орталығына жүгініпті. Өкінішке қарай, ондағылар уақытша қызмет ұсынған екен.

АЛЕКСАНДРА ЛИПАЕВА,
– Жұмыспен қамту орталығына бардым. Олар мені қоғамдық жұмысқа ғана орналастыра алады. Оның өзі 28 желтоқсанға дейін ғана созылады. Кейін тағы бос орын іздеуім керек болады. Осы мәселені шешіп берсеңіз екен деймін. Яғни, мен тұрақты түрде екі қолға бір күрекпен қамтылғым келеді. Маған 0,5 ставка болса жетеді. Өйткені, мен спортпен шұғылданамын. Оны да тастағым келмейді.

Александраның спортта жетістіктері аз емес. Ол біраз додада жеңіс тұғырынан көрініпті. Нәзікжандының базынасын тыңдаған өңір жетекшісі оның табандылығына, белсенділігіне тәнті болды және міндетті түрде мәселесін шешіп беретіндігін айтты.

 ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Мүгедектікке қарамастан салауатты өмір салтын ұстанып, жетістіктерге жетуіңіз – көпшілікке үлгі. Әрине, мәселеңізді шешеміз. Қала әкімі мен спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысына тез арада бос орын тауып, сізді тұрақты түрде екі қолға бір күрекпен қамтуды тапсырамын.

Қабылдауға қатысқан спорт және дене шынықтыру басқармасындағылар оның жетістіктерін ескеріп, степендия төлеу жағы да қарастырылып жатқанын жеткізді.


Байболат Култанов