Спорт

Жерлес бұрымды Германияда атой салды

 

Қарашаның 1-і мен 5-і аралығында Германияда бокстан әйелдер арасында “Кёльн кубогы” атты халықаралық турнир өтті. Қазақстан құрамасы сапында 66 келі салмақ дәрежесінде солтүстікқазақстандық Наталья Богданова өнер көрсетті. Бұл жолы да бұрымды көк байрағымызды көкте желбіретті. Ол қарсыластарының барлығын тізе бүктірді. Финалда жергілікті саңлақтан айласын асырды. Осылайша, көпшіліктің қошеметіне бөленді және жарыстың “Ең үздік боксшысы” атағына ие болды.


Алдияр Айтпаев