Спорт

Петропавлда көпсайыстан ҚР президентінің кубогы өтуде

 

Петропавлдағы спорт сарайында көпсайыстан Қазақстан Республикасы президентінің кубогы өтуде. Жарысқа 8 командадан 100-ге жуық адам қатысуда. Сайыс 11 жастан 70 жасқа дейінгі жарыскерлердің басын қосты. 4 күнге созылған сайыстың бүгінгі додасы – спринт. Яғни, спортшылар 60 метр қашықтыққа жүгіруі тиіс. Мылтық ату, спринт, жүзу, жүгіру – осы аталым бойынша спортшылар өз бақтарын сынайды.

НҰРЛАН ҚҰРМАНҒАЗИН, жарыс төрешісі
– Шараның басты мақсаты – жас өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие көрсету. Сонымен қатар, президенттік сынақты ары қарай дамыту. Соны жоғары деңгейге көтеру. Жастарымыз осы спортпен айналыссын деген ниетте өткізіп отырмыз.

Спортшылар бойларын қыздырып жарыс алаңына дайындалуда. Жарыстың 11-12 жасар қыздар бастады. Ясмин Лотфалля Алматы қаласынан келіп отыр. Оқушының спортқа жаны құмар. Бүгін жарыс жолында жақсы нәтиже көрсеттім дейді.

ЯСМИН ЛОТФАЛЛЯ, жарысқа қатысушы, Алматы қаласы.
– Жарыс жолағында 60 метр қашықтықты 8,51 секундта жүгіріп өттім. Бұл – менің ең жақсы нәтижем. Аптасына 3 рет жүгірумен және жүзумен айналысамын. Ал мылтықпен атуға жұмасына 1 рет барып тұрамын. Алдағы уақытта әр елдерге шығып, бірінші орын алсам деген ниеттемін.

Келесі кезек ардагерлерге де келіп жетті. Жарыс жолағында – павлодарлық Марина Масленко. Спортшы 40 жаста. Нәзікжанды спорт түрімен 16 жасынан бастап айналысады екен.

МАРИНА МАСЛЕНКО, жарысқа қатысушы, Павлодар қаласы.
–  Бұндай жарысқа 2 жылда 3-ші рет қатысып жатырмын. Жүгіріп өткендегі нәтижем. Бұл өте жақсы көрсеткіш, тіпті, менен де жас қыз-жігіттердің нәтижесімен бірдей десем болады. Бұрындары халықаралық чемпионаттарға қатысатынмын. Қазір ардагерлер арасындағы жарыстарға қатысып жүрмін.

Сайыс қорытындысы бойынша жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көрінген командаға кубок табыс етілмек.


Гульден Симбаева