Спорт

Петропавлда грек-рим күресінен республикалық турнир өтті

 

Бозкілем шеберлерінің басын қосқан жарыс. Петропавлда еліміздің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жаңаберген Қармандаевты еске алуға арналған грек-рим күресінен республикалық турнир өтті.

Көпшілік алдында облыс әкімінің орынбасары Дәурен Жандарбек сөз сөйледі. Ол жиналғандарды өңір жетекшісінің атынан турнирдің ашылуымен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Дәурен Жандарбек, СҚО әкімінің орынбасары
– ҚР-ның еңбек сіңірген жыттықтырушысы, жерлесіміз Жаңаберген Қармандаевты еске алуға арналған грек-рим күресінен республикалық турнирге қош келдіңіздер. Жаңаберген Сүлейменұлы мектеп кезінен бастап спортта жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Жарыстың құрметті қонақтарының қатарында ҚР еңбек сіңірген әртісі Нұрлан Абдуллин де болды.

Кейін бозкілемдегі бәсекеге де кезек келді. Дәл қазір ортада солтүстікқазақстандық Нариман Бекімов пен қостанайлық Михаил Кульпин күресуде. Олар 60 келі салмақ дәрежесінде күш сынастырып жатыр.

Екі спортшы да бір-біріне дес берер емес. Дегемен, кездесу соңында қостанайлық жігіт жеңіске жетудің жолын тауып, қарсыласын тізе бүктірді.

Михаил Кульпин, турнирге қатысушы, Қостанай қаласы
– Белдесу оңайға соқпады. Қарсыласым – мықты спортшы. Ол биыл Азия чемпионы атанды. Сондықтан, жеңіске жету қиын болды. Дегенмен, күресу барысында Нариман бірнеше қателікке бой алдырды. Мен сол сәтті пайдаланып, оны алып жықтым.

Бұл республикалық турнир еліміздің түкпір-түкпірінен келген 120 спортшының басын біріктірді. Палуандар 10 салмақ дәрежесінде бақ сынастырды.

 Теміртас Әлжанов, ҚР спорт қайраткері:
– Жарысқа еліміздің 7 бірдей командасы қатысуда. Ресей елінен де бір құрама бақ сынауда. 01:15 Жарысқа спорт шеберлері де қатысуда.

Жарыстың қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте қостанайлықтар жеңімпаз атанды. Солтүстікқазақстандық палуандар да үздіктер қатарынан көрінді. Жерлестеріміз 13 жүлдені қоржынға байлады.


Дана Ешкенова