МТРА жаңалықтары

Көктайғақтың салдары

 

САМАЛ ЖҮНІСОВА, тілші:

Демалыс күндері ауа райы күрт бұзылып, салдары көктайғаққа ұласты. Жаяу жүргіншілердің құлап, жарақат алуы жиіледі. Осы бір-екі күнде жарақат зардабын ембеу пунктіне 50-ден астам адам жүгінген. Оның 14-і дене мүшесін сындырып алған. Соның бесеуі аурухана жатқызылды.

Көктайғақтың салдарынан жол-көлік оқиғалары да жиілеп кетті. Сенбіде Пестропавлда 2 көлік соқтығысып, біреуі жолға жақын тұрған қызды қағып өткен. Абырой болғанда, адам өлімі тіркелген жоқ.
Жел тұрып, түк көрінбеген жолда жүру де қауіпті. Сенбі мен жексенбі аралығында “Астана-Петропавл” тас жолы жабылды. Астанадан Екатеринбургке бара жатқан автобус жүргізушісіне Келлеровка ауылының тұсында тоқтауына мәжбүр болған. 40-тан астам жолаушы жылыту қосынына жеткізілген. Мамандар автокөлік иелері мен жаяу жүргіншілерге жолда барынша абай болу қажеттігін ескертеді.


Самал Жунусова