МТРА жаңалықтары

Өңірде көмір қоры жеткілікті ме?

 

Жергілікті билік уәде еткендей биылғы жылыту маусымы өңірде уақытылы басталды.
Қауырт кезең басталғалы 2-ші жылу электр орталығында 5 бірдей агрегат іске қосылды. 3 қазандық резервте болды. Енді қарашаның 15-іне қарай резервтегі 6-шы мен 7-ші агрегаттарды іске қосу жоспарланған. Желтоқсан айына қарай №3 қазандық дайын болмақ.

Павел Шилов, СҚО энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының міндетін атқарушы
– Осы қыста 11 қазандық жұмыс істейтін болады. Сонымен бірге, жылу электр орталығында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Шаруа жол картасына сәйкес жүргізілуде. Іске 10 мердігер ұйым жұмылдырылған.

Брифинг барысында Павел Шилов қара отын қорына да тоқталып өтті. Бүгінге дейін 297 мың тонна көмір әзірленіпті. Ал өңірдегі жылдық қажеттілік 419 мың тоннаны құрап отыр. Яғни, әзірге, жоспардың 71 пайызы дайын. Сондай-ақ, темір жол тұйықтарында 29 мың тонна көлемінде көмір қоры бар. Оның 1850 тоннасы – Петропавлда.

Павел Шилов, СҚО энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының міндетін атқарушы
– Солтүстікқазақстандықтар негізінен Шұбаркөл мен Қаражыра көмірін пайдаланады. Алдағы уақытта Петропавлға тағы 2030 тонна Қаражыра және 1190 тонна Шұбаркөл көмірі жеткізіледі.

Айта кетейік, қара отынның бағасы оның орналасуы мен маркасына байланысты 10 мың теңгеден 17500 теңге аралығын құрайды.


Дана Ешкенова