Денсаулық сақтау

Өңір хирургтеріне шеберлік сағаты ұйымдастырылды

 

Операциялық бөлмеде – балалар хирургтері Геннадий Беляев пен Олег Новицкий. Олар астаналық маманмен бірлесіп жұту қабілеті бұзылған науқасқа ота ажсап жатыр. Мақсат – ішке гастростома орнату.
Ол асқазанға тері арқылы ендіріліп, жалғанады.

ДАСТАН РҮСТЕМОВ, «University medical center» корпоротивтік қорының бөлім басшысы, Астана қаласы:
– Гастростоманы қоюдың бірнеше тәсілі бар. Ол – бұрыннан белгілі операция. Бұрын біз асқазанды кесіп, түтік қойсақ, қазір тесік арқылы қояды. Яғни асқазанға камераны кіргізіп, терінің сыртынан инемен теседі. Сол тесік арқылы трубка қойылады. Оның ерекшелігі ол аз травмалы болып табылады. Оған қоса реабилитациясы жеңіл өтеді.

Елордалық хирург Дастан Рүстемовтың айтуынша, бұрын қолданылған әдіс біраз ыңғайсыздық тудырған.

ДАСТАН РҮСТЕМОВ, «University medical center» корпоротивтік қорының бөлім басшысы, Астана қаласы:
–  Ауыз немесе мұрын арқылы асқазанға түтік қойылады. Сол арқылы тамақ беріп отырады. Алайда, однай фонттар асқазанға кері әсер тигізеді. Біріншіден, жағымсыз әсерін әкеледі, екіншіден, ол ұзақ тұрмайды. Әр 4-5 күн сайын оны ауыстырып отыру қажет. Ал ауыстырғанда ол ауырсыну туғызады. Егер түтік ұзақ тұрса ол қанауы мүмкін.

Жаңа әдіспен қойылған түтікті 6 ай сайын ауыстыру қажет. Оған қоса, баланың ата-анасы бұл процесті өздері де жасай алады дейді мамандар.
Сондықтан, ота жасар алдында хирургтер ата-аналарға гастростома түтігін ауыстырудың қыр-сырын түсіндірді. Ақбота Алдабергенованың қызына бүгін осындай ота жасалды. Бұған дейін ұнтақ тәріздес тағамды Қазақстанда болмағандықтан, арнайы Ресейден алдыртып отырған. Айтуынша, енді жасалған операцияның нәтижесінде қызын тамақтандыру сәл де болсын жеңілдейді.

АҚБОТА АЛДАБЕРГЕНОВА, Уәлиханов ауданының тұрғыны:
– Қызым Жансая 9 жаста. Туғаннан ДЦП-мен ауырады. Комада да жатты. 0,41 Уақыт өте келе 5 жасына дейін қасықпен өзі тамақтануды үйренді. Ал 6 жасынан зондовый деген тамақ ішуге көшті. Арнайы тағамдар алдық. 03,41 Бүгін гастростома жасалды. Хирургтерге үлкен алғысымды білдіремін. Өзім қобалжыдым, қорықтым. Бірақ, бәрі жақсы өтті. Қызым жанымда, палатада жатыр.

Жалпы, гастростома жасаудың құны 500 мың теңгеден кем емес.
Елордалық мамандар өткізген шеберлік сағатында 4 балаға ота жасалды.
Операция балаларға тегін жасалды. Қазіргі уақытта кішкентай науқастардың жағдайы қалыпты.


Самал Жунусова