МТРА жаңалықтары

Өнерлі балалар арасында облыстық фестиваль өтті

 

Петропавлдағы №1 балалар музыкалық мектебінде өнерлі балалар арасында облыстық фестиваль өтті. Шара композитор Петр Чайковскийдің құрметіне және мектептің 77 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Мақсат – дарынды балалардың шығармашылығын одан әрі дамыту. Сегіз қырлы, бір сырлы жандар 2 номинация бойынша бақ сынады. Олар: сахнада өнер көрсету және сурет салу.

АЛЛА ЯНКОВА, №1 балалар музыкалық мектебінің бөлім меңгерушісі:
– Байқауға 100-ден аса ұл-қыз қатысып жатыр. Соның ішінде 40-қа жуығы аудандардан келіп отыр. Қатысушылардың бәрі – бір-бірінен асып түскен дарындылар. Әр баланың бойынан бір өнерге деген ыңғайын байқауға болады. Сол ерекше қасиетін жасырмай, көрсете білу қажет.


Гульден Симбаева