МТРА жаңалықтары

Мектеп директорларына арналған семинар

 

Педагогтың кәсіби сапалы дамуынан сапалы білімге. Осындай атаумен №8 мектеп кешенінде “Өрлеу” орталығының мамандары мектеп директорларына арнап семинар өткізді. Жиынға 30-ға жуық білім ұясының басшылары қатысты.

АЛМА ҚАБДЕНОВА, “Өрлеу” БАҰО АҚ филиалы “СҚО ПҚ БАИ” секторының бас маманы
– Брифинг барысында педагогтардың білімін арттырудағы негізгі мәселелер қарастырылды. Сонымен қатар, педагогтардың үздіксіз тұрғыда білімін дамытуда халықаралық тәжірибелер ұсынылып отыр. Халықаралық тәжірибеде Эстонияның тәжірибесі таңдалды.

Семинар диалог форматында өтті. Мектеп директорлары өзара тәжірибе алмасып, ойларымен бөлісті. №8 орта жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие мектеп кешенінің директоры Әйгерім Уәлиева «Өрлеу» өткізіп жатқан курстар мектептегі оқыту үрдісін жетілдіруге септеседі дейді.

ӘЙГЕРІМ УӘЛИЕВА, №8 орта жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие мектеп кешеніннің директоры
– Әрине, бүгінгі күні білім саласының алдында үлкен міндеттер тұр. Оның бірі – ұстаздарымыздың білімін жетілдіру. Осы тараптан алғанда қандай өзгерістер болып жатыр деген дүние бізді қызықтырады. Ұстаздардың оқыту барысында қандай өзгерістер болып жатыр? Бірінші, олардың оқу барысындағы білімін бағалау жүргізіліп жатыр.

Жиын соңында 2023 жылға арналған біліктілікті арттырудың жаңа бағдарламасы таныстырылды.


Гульден Симбаева