МТРА жаңалықтары

Елге экологиялық құқық бұзушылықтан келетін шығын көп

 

Қазақстанға жыл сайын экологиялық бұзушылықтардан 3,5 млрд теңге көлемінде шығын келеді. Ел көлемінде жылына мыңнан астам экологиялық қылмыстық құқық бұзушылық тіркеледі екен. Айыптылар шығынды өтеуге құлықсыз келетіндіктен ел бюджетіне түсетін салмақ ұлғаюда. Соңғы 5 жылда экологиялық заңнамаға қайшы әрекет еткендер орта есеппен жылына небәрі 676,5 млн теңге немесе жалпы келген залалдың 19%-ын ғана өтеген. Өткен жылдың өзінде аталған бағытта Қазақстанға 5,3 млрд теңге шығын келген. Бұл – соңғы 5 жылдағы рекордтық сома.


Дана Ешкенова