МТРА жаңалықтары

“BioOperations” кәсіпорнында экологиялық бұзушылықтар анықталды

Экологтар “BioOperations”-те профилактикалық бақылау жүргізіп, 7 бірдей экологиялық бұзушылық анықтады. Оның төртеуі өрескел болып саналады. Бейінді департаменттің мәліметінше, кәсіпорын қалдықты жою мен оны залалсыздандыру талаптарын сақтамаған. Биоэтанол, табиғи құрғақ клейковина, бидай кебегі мен крахмал өндірумен айналысатын кәсіпорын қауіптіліктің 1-ші санатына жатады. Ақыры экологтар бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым жазып, жалпы сомасы 15 млн теңгеден асатын 6 әкімшілік айыппұл салды.


Гульден Симбаева