МТРА жаңалықтары

Беларусь аяқ киімдерінің жәрмеңкесі жаңа топтамамен толықты

 

Беларусь елінде өндірілген сапалы аяқ киімдер жәрмеңкесі жаңа топтамамен толықты. Петропавлдықтарға әйелдер мен ерлер етігінің кең ассортименті ұсынылған. Бағалары да қолжетімді. Жәрмеңкеде кез келген жанның талғамынан шығатын, түрлі түсті, ұзынды-қысқалы аяқ киім табуға болады. Тауардың барлығы сапалы материалдан тігілген әрі әрқайсысы ыңғайлы етіп әзірленген.

АННА ЛАЗИНСКАЯ, сату жөніндегі менеджер:
–  Бздің аяқ киімдеріміз таза былғарыдан тігілген. Сапасы жоғары. Жалпы, біздің өнімдеріміз жоғары сұранысқа ие. Етіктердің ең төменгі бағасы әйелдер үшін 11 мың теңге, ал ер адамдардікі 18 мың теңге тұрады.

Әйелдерге арналған аяқ киімнің өлшемі 36-дан 44-ке дейін, ал ерлердікі 40-тан 49-ға дейін бар. Жәрмеңкеде Беларусь аяқ киімін аламын дейтіндер жетерлік. Солардың бірі – Гүлфира Тофан. Нәзікжанды өзіне қысқы етік іздестіріп жүр екен. Тауарды сатып алмас бұрын оның сапасы мен ыңғайлылығына аса мән беру керек дейді.

ГҮЛФИРА ТОФАН, қала тұрғыны:
– Бір ай бұрын осы жәрмеңкеден күзгі аяқ киім алған едім. Сапасы жақсы екеніне көзім жетті. Енді қысқы аяқ киім алмақшымын. Таңдауымды жасадым. Таза былғарыдан тігілген, ыңғайлы әрі жылы етік таңдадым. Бағасы да көңілге қонымды.

Тұрғындар қажетті тауарды Ш.Уәлиханов көшесі, 15А мекенжайы бойынша орналасқан нысаннан таба алады. Жәрмеңке таңғы 10-нан кешкі 19:00-ге дейін жұмыс істейді. Беларусь аяқ киімдерінің жәрмеңкесі Петропавлда қарашаның 6-сына дейін жалғасады.


Самал Жунусова